2018 жылы Қазақстанда барлық жедел жәрдем көлігі сары түске боялады, деп хабарлайды Today.kz.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, төтенше жағдайда қызмет ететін көліктердің түсі ашық болса, көліктер арасынан жақсы көрінеді.
Естеріңізге салайық, 16 тамызда Қазақстандағы жедел жәрдемнің жаңа ережемен жұмыс істей бастағаны белгілі болды.
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен енгізілген жаңа ереже науқастың ауруханаға жетпей көз жұмуы фактілерін азайтуға бағытталып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу