2018 жылы өтетін олимпиадаға Ресей қатыспауы мүмкін

738

2018 жылы өтетін олимпиадаға Ресей қатыспауы мүмкін

2018 жылғы олимпиадаға Ресей қатыстырылмауы мүмкін, деп хабарлайды khabar.kz.

Оңтүстік Кореяда өтетін ойындарға мүлдем қатыстырылмайды деген ақпар алдымен New York Times басылымында пайда болған еді. Онда шектеу үш жыл бұрын басталған допинг дауының тергеурінен соң қойылған делінген. Яғни спортшылар олимпиаданың ресми ашылу салтанатына қатыспайды және бейтарап тумен жарысу керек екен. Халықаралық олимпиада комитеті бұл ақпаратты растаған жоқ және желтоқсанда қабылданатын ресми шешімді күту керектігін мәлімдеді. 

Бұл мәселе Ресей қоғамында кең талқылау тудырды. Ресей олимпиада комитетінің басшысы Александр Жуков: "Егер халықаралық комитет команданың ойынға қатысуына шектеу қойса, біз бейтарап ту астында өнер көрсетпейміз", – деді.

Ол ел үшін кемсітумен тең екендігін де атап өтті.

"Ресей жол картасы бойынша мемлекеттік ықпал болды деген Маклареннің баяндамасынан басқа барлық ескертулерді реттеді. Қазір заң күшейтілді. Допингті тарату және қолдану үшін қылмыстық жаза тағайындалған. Енді ешбір жаттықтырушы оны спортшыға ұсына алмайды. Ресей бүкіл әлем бойынша ең қатал шараларды қабылдады", - деді олимпиада чемпионы, РФ мемлекеттік думасының депутаты Светлана Журова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу