2018 жылы прокурорлар заңсыз ұсталған 766 азаматты босатты

844

Қайрат Қожамжаров өткен жылға есеп берді.

2018 жылы прокурорлар заңсыз ұсталған 766 азаматты босатты

2018 жылы тәуелсіздік жылдарында алғаш рет қылмыстық процестің ең төменгі репрессивтік деңгейін көрсетті. Бас прокурор Қайрат Қожамжаров өткен жыл туралы есебінде осылай деді, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, ұсталғандар мен қамауға алынғандар 4 есеге (43 мыңнан 10 мыңға және 38 мыңнан 9 мыңға) азайған. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар саны 5,5 есеге (40 мыңнан 7 мыңға) қысқарған.

Сонымен бірге, бас прокурор қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын бұзумен байланысты құқық қорғау органдары қызметінің жекелеген кемшіліктеріне назар аударды.

2018 жылы прокурорлар заңсыз ұсталған 766 азаматты босатты, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 3,5 есе көп.

Тергеу органдары 400-ге жуық қылмыскердің жауаптан жалтаруына ықпал еткен. Тергеудің рұқсат етілмеген әдістері, кінәсіз адамды қасақана жауапқа тарту, азаптау және билікті асыра пайдалану фактілері бойынша 348 қылмыстық іс тергелді.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында прокурорлар еңбек, жер және тұрғын үй қатынастары, халықты еңбекпен қамту, білім беру, тариф саясаты мәселелері бойынша бірқатар маңызды тексерулер жүргізді.

Прокурорлардың актілерімен мемлекетке 34 млрд теңгенің орны толтырылып,  21 млрд теңгеге  мүлік қайтарылды. 2,4 млрд теңгеге еңбекақы берешегі өтелді.  Мемлекет қорына 7 млрд теңгеге жер учаскелері қайтарылды. 21 млрд теңгеге халыққа өтемақысын төлетумен электр энергиясы мен жылу тарифтері азайтылды.

Қабылданған шаралармен шамамен 140 әлеуметтік шиеленістің  алдын алды. 

Көлік прокурорларының күші авиация, темір жол және автомобиль көліктері саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шоғырланды. Осы бағытта мемлекет мүддесіне 6,4 млрд теңгеге ірі материалдық залал келтірудің жолы кесілді.

Профилактикалық шаралармен әскери саладағы қылмыстылық 12%-ға азайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу