Дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша бірыңғай дистрибьютор "СК-Фармация" келер жылға тегін берілетін препараттарды сатып алуды бастады. Бұл туралы басқарма төрайымының міндетін атқарушы Әсемгүл Ержанова хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, алдын-ала түскен тапсырыстар бойынша 178 млрд теңгеге дәрілік заттарды сатып алу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта құны 82,5 млрд Теңгені құрайтын дәрілерге тендер жарияланған. Ержанованың айтуынша, дәрі-дәрмек сатып алу көлемін медициналық ұйымдардың өздері жариялайды. Бірақ, тегін дәрі-дәрмектердің тізімін денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Қазіргі уақытта бірыңғай дистрибьютордың тізіміне 1 мың 100 дәрі-дәрмектің атауы мен медициналық бұйым енгізілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу