2019 жыл драмаға толы жыл ретінде тарихқа еніп барады

1026

30 бұрынғы қақтығыстардың түйіні тарқаған жоқ.  

2019 жыл драмаға толы жыл ретінде тарихқа еніп барады

Аstana club саяси форумының V отырысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, әлемнің 23 елінен келген бұрынғы мемлекет басшылары мен экс-премьер-министрлерді, сондай-ақ министрлер мен Нобель сыйлығы лауреаттарын елең еткізді. Елбасы жиналғандардың назарын жаһандық мәселелерге аударды. 
Нұрсұлтан Назарбаев алпауыт мемлекеттер арасында осыдан 30 бұрын орын алған қақтығыстардың түйіні күні бүгінге дейін тарқамағанына тоқталды. 

"Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңы мен тоқсаныншы жылдардың басы дәуірлік оқиғаларға толы болды. Оқиғалардың бел ортасында өз күйреуіне беттеп келе жатқан КСРО-ның ыдырауы тұрды. Әлем дәл осы уақытта оптимистік көңіл-күйде болды. Қырғи-қабақ соғыстың жарқын үлгісі ретінде Берлин қабырғасы құлады. Ол бірегей әлемді құруға мүмкіндік берді. Сол кезде энтузиазм толқынында Фукуяманың әйгілі "Тарихтың ақыры" атты кітабы шықты. Әлемдік тарих тоқтады, адамзат бірегей даму жолына түсті деген қиял пайда болды. Әлем қоғамдастығы ірі қақтығыстарға нүкте қойылды деп ойлады. Алайда біз арада 30 жыл өткенде бұл үміттің ақталмағанын көріп отырмыз. Бүкіл әлем бойынша геосаяси текетірестерге, қақтығыстарға куә болдық. Өтіп бара жатқан 2019 жыл драмаға толы жыл ретінде тарихқа еніп барады", – деді Елбасы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу