Медицина қызметкерлері әлі күнге дейін қағазбастылықтан құтылар емес. Алдымен атқарған жұмысын жазбаша толтырады. Ал кешкісін жазғандарын электронды жүйеге енгізеді. Осылайша екі бірдей жұмысты атқаруға мәжбүр. Осы олқылықты денсаулық сақтау министрінің өзі жайып салды.
Елжан Біртановтың айтуынша, бұл мәселе келер жылдың соңына дейін шешілуі тиіс. Ол үшін министрлік әкімдіктермен бірлесіп, барлық денсаулық сақтау мекемесін ақпарат технологияларымен жабдықтау жұмысын жүргізеді. Сөйтіп, 2019 жылдан бастап тиісті іс-қағаздар бірден электронды түрде толтырылады. Сондай-ақ әр азаматтың денсаулығы жөнінде ақпарат жинақталған электронды паспорт болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу