2019 жылға жоспарланған қаржы Алматыға жеткіліксіз

1181

"Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының өкілдері мен мәслихат депутаттары осылай деді.

2019 жылға жоспарланған қаржы Алматыға жеткіліксіз Фото: 7kun.kz

2019 жылға жоспарланған Алматы бюджетін талқылау барысында, "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының өкілдері мен мәслихат депутаттары мемлекеттен қалаға бөлінетін қаржы жеткіліксіз деді, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы бюджеттен Алматыға 7 миллиард теңге қарастырылған. Бұл жаңадан қосылған аудандарда инфрақұрылымды жетілдіріп, электр желісін тартуға, көше салуға және жөндеуге жеткіліксіз. Оған қосымша 2 миллиард теңгеге жуық қаржы қажет.

"Жылдан жылға қала аумағы ұлғайып, халық саны да өсіп келеді. Жаңадан құрылған аудандарда инфрақұрылымды жетілдіру керек. Сондықтан біз мәслихат сессиясында қосымша 1,2 млрд теңге қаражат бөлу мәселесін талқылап, келесі жылдың бюджетіне енгізілсе деген ұсыныс жасап отырмыз", –деді қалалық мәслихат депутаты Рахман Алшанов.

Депутаттар пікірі мен ұсынысын қала әкімі Бауыржан Байбек қаперге алатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу