Президенттің сөзінше, бұл үшін келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді.
"Денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсету сапасына адамдардың көңілі толмайды. Алайда медицина қызметкерлері аз ақшаға жұмыс істеп, науқастардың дерттерінен айығуына қолдан келгеннің барлығын жасайды", – деді президент халыққа арнаған жолдауында.
Президенттің айтуынша, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп өседі. Мамандардың кәсіби біліктілігіне ерекше назар аударылады.
Бұған қоса жердегі медициналық-санитарлық көмектің әлеуеті мен саепасын сапасын күшейту мәселесі күн тәртібіне қойылады.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу