2019 жылғы Конфедерация кубогінің жеребесі тартылды

1147

Конфедерация кубогінің жарыс бағдарламасына бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, таеквондо, қазақ күресі және каратэ-до енген.

2019 жылғы Конфедерация кубогінің жеребесі тартылды

Нұр-Сұлтанда 2019 жылғы Конфедерация кубогінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Биылғы доданың іріктеу кезеңдері  5-6 қазан күндері Орал қаласында басталып, 12-13 қазан Қарағандыда, 19-20 қазан Қостанайда, 26-27 қазан Ақтөбеде жалғасады. Жеребе нәтижесі бойынша 17 өңір келесі топтарға бөлінді: 

 А тобы – Ақтөбе обл, Алматы, Атырау обл, Павлодар обл, Ақмола облысы;

В тобы – Қостанай обл, СҚО, ШҚО, Жамбыл облысы;

С тобы – Қарағанды обл, Түркістан обл, Шымкент, Нұр-Сұлтан; 

D тобы – БҚО, Қызылорда обл, Маңғыстау обл, Алматы облысы;

Жартылай финал мен финалдық кездесулер 7-8 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы "Балуан Шолақ" атындағы спорт сарайында өтеді.

Биыл жарыс бағдарламасына каратэ-до спорт түрі енгенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, жүлде қоры 1, 2, 3-орын алған командалар арасында бөлінеді.

Конфедерация кубогінің жарыс бағдарламасына келесі спорт түрлері енген: бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, таеквондо, қазақ күресі және каратэ-до.

Жарысқа барлық өңірлер қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу