2019 жылғы жазғы Универсиадаға 94 қазақстандық спортшы аттанады

894

3 шілде күні Италияның Неаполь қаласында 2019 жылғы жазғы Универсиада ойындары басталады. 

2019 жылғы жазғы Универсиадаға 94 қазақстандық спортшы аттанады

Мультиспорттық додаға әлемнің 170 елінен спортшылар қатыспақшы. Қазақстан атынан 94 спортшы сынға түседі, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Универсиада ойындарына үлкен құраммен аттанушылар қатарында семсерлесу спортының өкілдері бар. Италия төрінде 18 ноянымыз бақ сынайды. Сондай-ақ, жеңіл атлетикадан 16, таеквондодан 15 спортшыға сенім артамыз. Садақ атудан сегіз, нысана көздеу және стенд атудан он спортшы аттанады. Спорттық және көркем гимнастикадағы өкілдеріміздің саны алтау. Сонымен бірге, төрт теннисші, он дзюдошы және жүзу спортынан жеті спортшы Универсиада жүлдесіне таласады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу