2019 жылы 219 адам негізсіз қудалауға ұшыраған

546

Қызметтік үй-жайлар мен изоляторларда заңсыз ұсталған 725 адам босатылған.  

2019 жылы 219 адам негізсіз қудалауға ұшыраған

Жыл аяқталар тұста Бас прокуратура да 12 айда атқарған шаруаларын қорытындылады. 
Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов жыл бойында қылмыс саны 17%-ға, кісі өлтіру 11%-ға, бұзақылық 28%-ға, есірткі қылмысы 12%-ға қысқарғанын айтады.   

"Прокурорлардың көмегімен 30 мың қызметкердің 2 млрд теңге көлеміндегі жалақысы өтелген. 37 мың пайдаланылмайтын жер телімдері кері қайтарылды. Биылғы жылы прокурорлар 219 адамды негізсіз қудалауды тоқтатты. Қызметтік үй-жайлардан және изоляторлардан заңсыз ұсталған 725 адам босатылған.  Прокурорлардың араласуымен соттар 1172 азаматқа қатысты үкімді қайта қарады. Соның арқасында  36 адам ақталған", – деді Ғизат Нұрдәулетов.  

Ведомство басшысы  жиын осңында келер жылға арналған басым міндеттерді айқындап, негізгі бағыттарды белгіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу