2019 жылы Астана төңірегінде 50 МВт-тық жел электр станциясының құрылысы басталады

1012

2019 жылы Астана төңірегінде 50 МВт-тық жел электр станциясының құрылысы басталады

"Қазақстан даму банкі" АҚ қуаты 50 МВт жел электр станциясының бірінші іске қосу кешенін салу үшін "ЦАТЭК Green Energy" ЖШС-ын қаржыландыратын болды. ЖЭС Астана қаласынан 40 шақырымда жатқан  Қостомар кентінде орналасады. Екінші кезегі пайдалануға енгізілгеннен кейін  ЖЭС-тің жалпы қуаты 100 МВт құрайды.

Жобаның құны – 46,1 млрд теңге. ҚДБ 10,5 жыл мерзімге 30,5 млрд теңге сомасында қарыз береді. Жабдықтар сатып алу үшін қаржылық лизинг нысанында 3,6 млрд теңге қаражат беретін ҚДБ-нің еншілес ұйымы – "ҚДБ-Лизинг" те жобаны қаржыландыруға қатысады.  Қарыз алушының жобаны қаржыландыру шеңберіндегі меншікті қаражаты – 12 млрд теңге.

ЖЭС қуаты 50 МВт болатын бірінші кезегін 2019 жылдың ортасына қарай салу жоспарланып отыр. Осы мерзім ішінде станция инфрақұрылымдық  объектілермен қамтамасыз етіледі және Vestas компаниясының V112-3.3MW үлгідегі 15 жел генераторларымен жарақтандырылады.

"Экологиялық аспект жобаның маңызды бөлігі болып табылады. Осы жел паркінің пайдалануға енгізілуі парниктік газдардың шығарылымдарын жылына 230 000 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру барысында жел энергиясын өзгерту бойынша өңірдің климаттық жағдайларына бейімделген жаңа әзірленімдер мен технологиялар кешені пайдаланылатын болады", - деп атап өтті ҚДБ дирекциясының клиенттермен жұмыс жөніндегі аға банкирі  Айжан Битебаева.

Жел станциясының құрылысы аяқталғаннан кейін ол жаңартылатын энергия көздерінің есебінен 10 000 астам отбасының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қабілетті болады, сол арқылы қазба отынын пайдалану  көлемін қысқартады.

ЖЭС құрылысын салу барысында 300 дейін жұмыс орны, станцияға қызмет көрсету үшін – 20 дейін  тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу