2019 жылы білім саласында 187 заң бұзу фактісі тіркелген. Сотқа жеткендерінің 161-інің жемқорлыққа қатысты екені анықталды. Оның ішінде жұмысқа тұру кезінде берілген пара мен сұралған ақша да бар, деп хабарлайды Atameken Business.
Білім беру саласында сыбайлас жемқорлық дендеген өңірлер: Атырау облысы – 54 факт, Шығыс Қазақстан Облысы – 26, Қызылорда облысы – 23 факт, Жамбыл облысы – 22 факт және Түркістан облысы – 13 факт.
"Болашақ" бағдарламасымен 10 522 маман дайындалған
26 жылда "Болашақ" бағдарламасымен 10 522 маман дайындалған. Оның 5 469-ы – магистратура, 2 841 адам – бакалавриат, 1 931 адам – тағылымдама, 139-ы – докторантура, 39 адам – аспирантура, 12 адам – интернатура және 91 адам клиникалық ординатура бойынша білім алған. Түлектердің 54,3% – әлеуметтік-гуманиткарлық, 36,8% – инженерлік-техникалық, 7,1%-медицина және 1,8% – шығармашылық мамандықтар бойынша оықған.
Еліміздегі студенттердің 70,2%-ы ақылы негізде оқиды
Оқу жылының басында елімізде 125 жоғары оқу орны тіркелген. Оның 84-і немесе 67,2%-ы жекеменшік.
ЖОО-лардың басым бөлігі еліміздің үш мегаполисінде орналасқан: Алматы –41 ЖОО, Нұр-Сұлтан–15 ЖОО, Шымкент–10 ЖОО.
Еліміз бойынша студенттердің жалпы саны 604,3 мың адам. Бұл өткен оқу жылына қарағанда 11,4%-ға артық – 542,5 мың адам.
Мемлекеттік білім гранттары есебінен оқитын студенттер саны – 180,1 мың адам (29,8%). Ақылы негізде оқитындар 424,3 мың адамды (70,2%) құрайды.