2019 жылы ең көп адам өмірін жалмаған әуе апаттары Солтүстік Америкада болды

1555

Ресми дерекке сүйенсек, өткен жылы жүзеге асырылған 2 миллион рейстің 1-еуі адам өліміне әкеліп соққан.

2019 жылы ең көп адам өмірін жалмаған әуе апаттары Солтүстік Америкада болды

Өткен жылы болған әуе апатынан қаза тапқандардың саны соңғы бес жылдағы орташа көрсеткіштен 20-ға өскен. Ал олардың жартысынан көбі Солтүстік Америкада орын алған. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады. 

Былтыр болған 20 апаттың салдарынан 283 адам қаза тапқан. Бұлардың басым бөлігі Эфиопиялық әуе ұшағының құрбандары. Наурыз айында Boeing Co. 737 Max әуе кемесі биіктікке көтеріле берген кезде жерге құлап, 157 кісі ажал құшқан еді. 

2019 жылы Солтүстік Америкада 11 ұшақ апаты тіркелді. 2018 жылы бұл аймақта 1, ал 2017 жылы 3 қайғылы оқиға болған.  

Ресми дерекке сүйенсек, өткен жылы жүзеге асырылған 2 миллион рейстің 1-еуі адам өліміне әкеліп соққан. 

Aviation Safety Network басылымының мәліметі бойынша, 2018 жылы Солтүстік Америкада болған апаттардың 5-еуі Аляска және Канаданың ауа райы қолайсыз аймағында тіркелген. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу