2019 жылы қай көшелерде Bus Lane пайда болады

1186

Bus Lane жобасы – қала көшелерінде қоғамдық көліктің кедергісіз қозғалысы үшін арнайы бөлінген жол.

2019 жылы қай көшелерде Bus Lane пайда болады

Алдағы жылы қала көшелерінің негізгі алтауына Bus Lane арнайы жолы енгізіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Астана LRT компаниясының хабарлауынша,  мұндай жолақ Қонаев, Достық, Ақмешіт, Түркістан көшелерінде, Абай мен Кенесары көшелерінің жалғасында пайда болмақ. 

Bus Lane жобасы – қала көшелерінде қоғамдық көліктің кедергісіз қозғалысы үшін арнайы бөлінген жол. Қазіргі таңда қалада жалпы ұзындығы 77 шақырымды құрайтын осындай 24 жол бөлігі бар.

Қоғамдық көліктерге арнайы жол жасалған соң, автобустардың жүруі кестеге сай келіп, таңғы, кешкі мезгілде аялдамаларда автобусты күту уақыты 24 %-ға төмендеген. Мәселен, № 10 бағдар жүріп өтетін Bus Lane ұзындығы 40 пайыздан асса, Қабанбай батыр даңғылы толықтай арнайы жолақпен жабдықталған. Осы бағытқа арнайы автобус жолын енгізгелі бері бағытты жүріп өту және аялдамаларда автобусты күту 26% төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу