Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Дмитрий Карпов биылғы жылы аймағымызда қандай спорттық нысандар пайда болатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Елбасының өткен жылы қазанда жарияланған тапсырмасы бойынша Қарағанды облысында 2019 жылы үш ірі және үш шағын дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады, Балалар және жасөспірімдер сарайының құрылысы басталды және тағы бірнеше спорт нысандарының жобалық-сметалық құжаттары реттеліп жатыр.
"Осы жылдың соңына қарай біз Абайда және Қарқаралыда 320 орынға шақталған кешен салуды жоспарлап отырмыз. Теміртауда "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен жасалған меморандумға сай 320 орынға шақталған дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне арналған жер телімі бөлінді. Қазіргі таңда Жезқазғанда бассейні және есу базасы бар ДСК құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Қарағандыда биылғы жылы Панель-орталықта барлық стандарттарға сай келетін 50 метрлік бассейнінің құрылысы басталады", – деп мәлімдеді Дмитрий Карпов.
Бұған қоса, облыста жеке инвестициялардың арқасында көлемі 160-тан 240 шаршы метрге дейін жететін шағын ДСК пайда болады. Инвесторларлар осы жылы карате кекушинкай жаттығуларына арналған осы секілді үш кешен ашуды көздеп отыр. Барлық-жоғы кәсіпкерлер Қарағанды және Шахтинскіде 11 кешеннің құрылысын жоспарға салған. Ол ғимараттар модульдік болады, бір нысанды көтеру үшін 2-3 ай уақыт кетеді.
Биылғы жылы Қарағандыда Балалар және жасөспірімдер сарайының құрылысын бастау жоспарда бар. Оның ішінде де спорт залдары болады.
ДСК Жаңаарқа және Нұра аудандарында да салу жоспарланып отыр – ол үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп қойған.