Ranking.kz-тің хабарлауынша, өткен жылы қазақстандықтар 2 трлн теңгеге доллар сатып алыпты. Аталған көрсеткіш 2018 жылғымен салыстырғанда 45,3% жоғары.
Ақша айырбастау орындарында тек желтоқсан айында 214,3 млрд теңгеге доллар саудалан5ан. Бұл қараша айындағы көрсеткіштен 0,9%-ға төмен болғанымен, 2018 жылдың желтоқсанымен салыстыра қарасақ, 66,5%-ға жоғары.
Ал желтоқсан айындағы орташа бағам 1 доллар үшін 383,9 теңге болды. Бұл қараша айынан 1%-ға төмен, 2018 жылдың желтоқсанынан 3,2% жоғары.
2020 жылдың қаңтар айында доллардың орташа ресми бағамы 378,7 теңгеге тұрақтаған. Яғни 2019 жылдың желтоқсан айындағы нәтижеден 1,3%-ға кем.
2019 жылы жасалған жалпы сауданың жартысынан көбі екі өңірге тиесілі. Олар Алматы (731,3 млрд теңге) мен Шымкент (305,3 млрд теңге) қаласы.
Ал АҚШ валютасын ең аз сатып алған Алматы облысы (22,4 млрд теңге) мен Түркістан облысы (24,8 млрд тг).