2019 жылы жалақысы төмен азаматтардың табыс салығы 10 есеге азаяды - Елбасы

1085

Бұл туралы бүгін ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

2019 жылы жалақысы төмен азаматтардың табыс салығы 10 есеге азаяды - Елбасы

2019 жылы жалақысы төмен азаматтардың табыс салығы 10 есеге азаяды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Президент халық қалаулыларын жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтады.

Сондай-ақ мемлекет басшысы бес әлеуметтік басымдықты жария еткенін, парламент пен үкімет бірлесіп, жұмыс істеп, оны жүзеге асыруға қажетті барлық заңнамалардың алғашқы шарттарын жасағанын айтты.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша алғашқы несиелер беріле бастады. Қосымша 20 мың білім гранты берілді. 70 мың орындық жатақхана құрылысына дайындық аяқталды, кей өңірлерде басталды. Жаңа жылдан бастап жалақысы төмен азаматтардың табыс салығы 10 есеге азаяды. Жеке іс бастауға берілетін несиелер көлемі 62 млрд теңгеге көбейді. Сарыарқа газ құбыры құрылысына дайындық жұмыстары аяқталып қалды. Осылайша мен жариялаған әлеуметтік жаңғырудың тағы бір бағдарламасын іске асырудың барлық негізі қаланды. Осыны бақылап, уақытында іске асыру бағытында жұмыс жасаумымыз керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу