2019 жылы жолаушылар ағыны 12,6%-ға артты

1437

Бұған дейін ИИДМ еліміздің әуежайлары 16 млн адамға қызмет көрсетеді деп болжаған болатын.

2019 жылы жолаушылар ағыны 12,6%-ға артты

Қазақстанның әуежайлары өткен жылы 17 млн адамға қызмет көрсетті, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2019 жылы Қазақстанның әуежайлары 17 млн адамға қызмет көрсетті. 2018 жылы жолаушылар саны 15,1 млн болатын",– делінген хабараламада.

Осылайша 2019 жылы әуе жолы арқылы сапарға шыққандар саны 12,6%-ға артты.

"Жолаушылар ағынының көбеюі ішкі және халықаралық жаңа бағыттардың ашылып, әуе билеттері бағасының төмендеп, транзиттік тасымал тартымдылығының артып,  әуе инфрақұрылымының дамуына байланысты",– деді ведомствада.

Бұған дейін ИИДМ 2019 жылы еліміздің әуежайлары арқылы 16 млн жолаушы сапарға шығады болжаған болатын. Ал жалпы Қазақстанда халықаралық және өңірлік маңызы бар 20 әуежай жұмыс істеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу