2020 жылдағы бала күтіміне арналған жәрдемақы мөлшері анықталды

4448

Алдағы жылы бірінші, екінші және үшінші бала үшін 100 мың 766 теңге беріледі. 

2020 жылдағы бала күтіміне арналған жәрдемақы мөлшері анықталды

2020 жылдан бастап бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы көбейеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Ведомстваның ақпаратына сәйкес, алдағы жылы бірінші, екінші және үшінші бала үшін 100 мың 766 теңге беріледі. Төртінші бала туғанда бір реттік жәрдемақы 167 мың 76 теңгені құрайды. 

Сонымен қатар, жұмыс істемейтін әйелерге бала күтімі үшін ай сайын берілетін көмек бірінші балаға – 15 мың 276, екінші балаға – 18 мың 61 теңге, үшінші балаға – 20 мың 819 теңге көлемінде.

Егер келіншек төртінші немесен одан кейінгі баласын босанған болса, берілетін төлемақы 23 мың 603 теңгеге тең.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенті бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізу жоспарланған.

Ол отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға 74 388 теңге беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу