ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық білім мен ғылымды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомстовоның баспасөз қызметі.
Мәселен, 2019 жылдан бастап медициналық ЖОО магистратура мен бакалавриат бағдарламасына түсу тәртібі бірдей. Мемлекеттік тапсырыс бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының магистратурасына қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүргізілді. Сондай-ақ, білім мен дағдыларды бағалау нәтижелері бойынша білім алушыларға диплом және маман сертификаты беріледі.
Бұдан бөлек биылдан бастап түлектер аймақтарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы азаматтарды бөлу жөніндегі республикалық комиссия деңгейінде жартылай автоматты режимде бөлінеді. Бұл ауыл мен қала арасындағы кадр теңсіздігін төмендетеді және жас мамандарды тарту мен жұмысқа орналастыруда әкімдіктердің жауапкершілігін күшейтеді. Министрлік 2020 жылдан бастап бұл функцияны толығымен автоматтандыруды және цифрландыруды жоспарлап отыр. Бұл 2030 жылға дейінгі нақты қажеттілік бойынша кадр дайындау мен жұмысқа орналастыруды тиімді жоспарлауға көмектеседі.