2020 жылдан бастап Қазақстанға шетелдік банктер келе бастайды

1243

2020 жылдан бастап Қазақстанға шетелдік банктер келе бастайды

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының ішкі нарыққа коммерциялық қатысуы үшін қызметтің жаңа салалары ашылады, деп хабарлайды naryk.kz. 

Ал 2020 жылғы желтоқсаннан бастап шетелдік банктер мен сақтандыру ұйымдарының филиалдары Қазақстанның қаржылық қызмет нарығына рұқсат алады.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Астана қаласы парламент мәжілісінің "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын таныстыруда айтты.

Данияр Ақышев сондай-ақ соңғы жылдары Қазақстанда "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы және "Астана" халықаралық қаржы орталығы құрылғанын, олардың аумағында валюталық реттеудің ерекше режимі көзделетінін атап өтті. Тиісінше, валюталық заңнаманы жаңа экономикалық жағдайларға бейімдеу қажеттілігі туындады.

"Осыған байланысты негізгі өзгерістерге шетелдік ұйымдардың барлық филиалы үшін ортақ резиденттік  тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ҚР салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесін құру арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар филиалдарының валюталық резиденттігінің мәртебесін өзгерту кіреді", — деп атап өтті қаржы реттеушісінің басшысы.

Данияр Ақышевтың айтуынша, бір мезгілде барлық филиал үшін валюталық операцияларды жүзеге асырудың ырықтандырылған қағидаты сақталды. Сондай-ақ АХҚО мен "Қорғос" ШЫХО-да валюталық операциялар бойынша қолданыстағы валюталық реттеуден ерекше жағдайлар көзделді.

"Валюталық реттеудің қолданыстағы ақпараттық құралдары валюталық операциялар мен капитал ағындары және оның негізінде валюталық операциялар үшін талдамалық мониторинг жүргізу бойынша ақпараттық базаны құру негізін қалады", – деп хабарлады Ұлттық банктің басшысы.

Данияр Ақышев сондай-ақ капитал ағындары әлемдік экономикадағы жалғасып отырған дағдарысты құбылыстар жағдайында елдің экономикалық және қаржылық тұрақтылығы үшін тәуекелдер аясында валюталық реттеудің ақпараттық құралдарын оңтайландыру орынды екенін атап өтті. Заң жобасында бірмезгілде осындай операцияларды жүргізу және олар бойынша ақпарат жинау рәсімдерін жеңілдете отырып валюталық операциялардың статистикалық мониторингпен барынша толық қамтылуы көзделген.

"Валюталық реттеу саласындағы өзгерістердің көпшілігі заңды тұлғалардың валюталық операцияларына қатысты және жеке тұлғалардың операцияларына қатысы болмайды", — деп қорытындылады Данияр Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу