2020 жылдан бастап миллиондаған смартфондарда WhatsApp жұмыс істемейді

4532

Компания қоғамның басым бөлігі пайдаланатын платформаларды дамытуға күш салатынын хабарлады.  

2020 жылдан бастап миллиондаған смартфондарда WhatsApp жұмыс істемейді

2020 жылы әлем бойынша миллиондаған смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істемейді, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан. 

Оған себеп ескі iPhone телефондары мен көне Android, Windows Mobile операциялық жүйесі орнатылған телефондарда мессенжер қызметі тоқтайды. 
2019 жылдың 31 желтоқсанынан кейін WhatsApp Windows Mobile орнатылған смартфондарда жұмыс істемейді, деп хабарлады "Ъ" Daily Mail басылымына стілтеме жасап. 

Ал Android 2.3.7 пен iPhone iOS 8 жүйесі орналытқан телефондарда мессенжер ақпан айынан бастап қолжетімсіз болады. Facebook-ке тиесілі компания қоғамның басым бөлігі пайдаланатын платформаларды дамытуға күш салатынын хабарлады.  

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін Android 2.3.7 мен iOS 7 қолданушыларының жаңа аккаунт аша алмайтыны хабарланған. Бұдан бөлек аталған операциялық жүйелердің тұтынушыларында  WhatsApp-тың кейбір қызметі кез келген уақытта тоқтап қалуы мүмкін. Себебі енді мессенджер бұл жүйелерге арнап жаңартулар әзірлеумен айналыспайды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу