Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Айта кететін жайт, шәкіртақы 2016 жылдан бері көтерілмеген екен.
"Студенттерді қолдау мақсатында, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысын 25%-ға көтеру туралы шешім қабылдадым. Жалпы, олардың саны қазір 130 мыңды құрайды", – деді Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында.
Оның айтуынша, колледж студенттерінің де шәкіртақысы көтеріледі.
"Осы жылдың қыркүйегінде жұмысшы мамандығында оқып жүрген 122 мың адамның шәкіртақысы 30%-ға өсті. Менің тапсырмам бойынша, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап колледж студенттері шәкіртақылары да 25%-ға артады. Олардың саны 100 мың адамды құрайды",– деп түйіндеді сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.