2020 жылдан бастап жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі беріле бастайды

2568

ІІМ жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізуде.

2020 жылдан бастап жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі беріле бастайды

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз хабарлайды.

"Тиісті бұйрыққа Ішкі істер министрі 2019 жылғы 2 қарашада қол қойып, ол 2019 жылғы 4 қарашада Әділет министрлігінде тіркелді. Көрсетілген құжаттардағы электрондық чип келесі бетіне көшіріліп, чип жадының көлемі ұлғайтылады", деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған шаралар жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеке басын куәландыратын құжаттармен сәйкестендіру үшін қажет және құжаттарды дайындаудың бірыңғай өндірістік стандартына көшуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аталған құжаттарды қолдан жасауды болдырмау мақсатында штрих-код түрінде қосымша қорғау енгізіледі, сондай-ақ көлік құралын тіркеу туралы куәліктің түсі өзгереді.

Бұл ретте бұрын берілген жүргізуші куәліктері мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктерді ауыстырудың қажеті жоқ екенін атап өткен жөн, олар қызмет мерзімінің уақытында жарамды бола береді (жүргізуші куәлігі берілген күннен бастап 10 жыл бойы, КҚ тіркеу туралы куәлік – оны кейін ауыстырғанға дейін).

Аталған құжаттарды беру үшін мемлекеттік баж мөлшері өзгермейді және ол бұрынғыша 1,25 АЕК-ті құрайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу