2020 жылдан бастап ЖОО-ға құжат тапсыру қажет болмайды

5496

"Күнделік" жүйесіндегі деректер автоматты түрде жоғарғы оқу орнына беріледі.

2020 жылдан бастап ЖОО-ға құжат тапсыру қажет болмайды

2020 жылдан бастап жоғарғы оқу орнына құжат тапсыру қажет болмайды. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари хабарлады.

Оның айтуынша, білім беру жүйесінде 67 қызмет электронды түрде қолжетімді. Соның арқасында бір базада бар құжаттарды қайта жинап жүрудің қажеті жоқ. Оған қоса, "Күнделік" жүйесіндегі деректер автоматты түрде жоғарғы оқу орнына беріледі, сәйкесінше бұл талапкерлер мен ұстаздардің жұмысын жеңілдетпек.

Бүгінде мектептер мен балабақшалардағы оқу процесі де автоматтандырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу