Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады

798

Қабылданып жатқан шаралар қазақстандық мұнай экспортынан келетін қаражаттың тұрақты түсуін қамтамасыз етпек.

Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметі "Экспорттық көлемдерге пропорционалды орта, ірі және алып кен орындары үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы" Қаулы қабылдады. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайтында хабарланды.

Қабылданған тәсіл ҚР ішкі нарығының мұнай өнімдерінің қажетті көлеміне деген қажеттілігін, сондай-ақ өндірудің табиғи төмендеуі кезеңіндегі ірі жобалар мен ескі кен орындары үшін мұнай өндіруді азайту жөніндегі міндеттемелерді әділ бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

"Қабылданып жатқан шаралар қазақстандық кен орындарының апаттық тоқтау қауіптерін қысқартуға және қазақстандық мұнай экспортынан келетін ақша қаражатының тұрақты түсуін қамтамасыз етуге жол ашады. Қазақстанда және басқа елдерде мұнайды қысқарту бойынша бұған дейін қабылданған шаралардың арқасында мұнай бағасының динамикасында оң үрдіс (23.06.2020 ж. жағдай бойынша Brent маркасының бағасы 42,23 долл/барр құрады) және мұнай нарығындағы теңгерімсіздіктің азаюы байқалады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу