2020 жылға дейін қара алтын бағасы тұрақсыз болады - ЕЭК

1330

2020 жылға дейін қара алтын бағасы тұрақсыз болады - ЕЭК

Елімізде мұнай өндірісі соңғы бес айда 8%-ға артты. Ал шикізатты саудалаудан түскен табыс былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 37%-ға ұлғайған. 

Еnergyprom.kz-тің мәліметіне сай, қаңтар-мамыр аралығында 27 млн тоннадан астам қара алтын экспортталған. Жыл басынан шетелге жөнелтілген мұнай 2,2%-ға кемігенімен, ақшаға шаққандағы табыс 10 млрд долларға өсті. 

Қазақстан қара алтынының басым бөлігі Италия, Нидерланды, Франция, Швейцария мен Испанияға экспортталады. ТМД бойынша негізгі импорттаушы – Өзбекстан. 

"2020 жылға дейін қара алтын бағасы тұрақсыз болады", – деп болжады Еуразиялық экономикалық комиссиясы. Комиссия мүшелерінің мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың баррелі 42-65 доллар аралығында құбылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу