2020 жылға қарай Қазақстан арқылы 2 миллион контейнер өтетін болады

823

2020 жылға қарай Қазақстан арқылы 2 миллион контейнер өтетін болады

Биыл Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға баратын транзиттік жүк тасымалы екі есеге артады. Бұл жайлы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2011 жылы Қазақстан арқылы Еуропаға 1000 контейнер өткен болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 201 мыңға жетті. 7 жылда 200 есе өсетін бизнесті көз алдыңызға елестетіңізші?! Біздің болжамымызша, Қытай-Еуропа бағытындағы транзиттік жүк тасымалы биыл екі есе артады", - дейді Санжар Елубаев.

Ол, сондай-ақ мұндай қарқынды өсімге қалай қол жеткізілгенін де түсіндірді.

"Транзиттің құрылымынан, көрші елдер тек өз экономикасының өсімі арқылы ғана транзитті арттырып отырғанын көруге болады. Қытайдан Еуропаға теңіз арқылы жылына 20-30 млн контейнер жүк барады. Демек, біз мұнда зор әлеуетке иеміз. "Нұрлы жол: Бір белдеу-бір жол" саясатының арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы 2 млн контейнер өтеді деп болжап отырмыз, біз оған дайынбыз", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу