Қазақстанның тразиттік жолдардан түсетін табысы 2020 жылға қарай 5 млрд долларға дейін жететін болады. Бұл туралы Астанада басталған 5-ші "Трансеуразия-2017" халықаралық конференциясында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
Бұл бірінші кезекте транзиттік контейнерлер тасымалынан түсетін болады. Себебі, алдағы 3 жылда Қазақстан арқылы өтетін контейнер санын 2 млн-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Олардың 800 мыңы Қытайдан Еуропа елдеріне жөнелтілмек.
Айта кетсек, елбасы соңғы жолдауында үкіметке еркін транзиттік жүк тасымалын қалыптастырып, одан түсетін табысты 5 есе арттыруды тапсырған болатын.
"ТрансЕуразия-2017" конференциясына 300 ден астам отандық және шетелдік делегат қатысуда. Олардың бәрі көлік қауымдастықтары мен осы салаға жауапты компаниялардың өкілдері.