2020 жылға жоспарланған көрсеткішке үш жыл ерте жеттік - Қанат Бозымбаев

713

2020 жылға жоспарланған көрсеткішке үш жыл ерте жеттік - Қанат Бозымбаев

"Сарыарқа" магистральді газ құбырының бірінші кезеңі Астана мен 171 елдімекенді табиғи газбен қамтиды. Бұл туралы кезекті үкімет отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, ұзындығы 1081 шақырым болатын Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Астана бағыты бойынша бірінші кезеңі пысықталып жатыр. Газ құбырының аталған учаскесі Астана қаласы мен екі облыстың халқын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа Қанат Бозымбаев газ электр станцияларының үлесін арттыру мақсатында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды. Яғни өткен жылы электр энергиясын өндіруде газ электр станцияларының үлесі 20,2% құрады, яғни 2020 жылға жоспарланған нысаналы көрсеткішке үш жыл бұрын қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу