2020 жылғы Олимпиада қарсаңында каратэ ережелері өзгереді

1619

2020 жылғы Олимпиада қарсаңында каратэ ережелері өзгереді

Бүгін Ақтөбеде каратэден төрешілерге арналған семинар өтеді. Дәріс оқуға басқа емес, Әлемдік каратэ федерациясы төрешілер коминетінің басшысы Жавьер Эскаланте келді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Іс-шараға еліміздің барлық аймағынан халықаралық квалификациядан өткен отыздан аса төреші қатысады.  

2020 жылғы Олимпиада қарсаңында каратэнің қазіргі ережелері біраз өзгеріске ұшырамақ. Семинардың ең басты тақырыбы да осы болмақ. 

Халықаралық ұйымның бас төрешісі қатысушыларға 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін өзгерістер туралы толығырақ баяндайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу