2020 жылғы Олимпиада кезінде адам келбетін танитын жүйе қолданылады

831

2020 жылғы Олимпиада кезінде адам келбетін танитын жүйе қолданылады

2020 жылы Жазғы Олимпиада және паралимпиада ойындары кезінде Жапония үкіметі ойын алаңдарына спортшыларды, журналистерді және ресми тұлғаларды кіргізу үшін адам келбетін анықтайтын жүйені қолданады, деп хабарлайды The Japan Times-қа сілтемеменҚазАқпарат.

NEC компаниясы жасап шыққан жүйе 2016 жылғы Рио Олимпиадасы кезінде сынақтан өткізілген. Оны "Жапондар үйіне" тіркелген журналистерге рұқсатнама беруге қолданған. Жақында осы жүйені Токиодағы Ханэд әуежайы төлқұжат тексеруді жылдам өту үшін пайдалана бастаған.

Токиода өтетін жазғы Олимпиада және паралимпиада ойындары кезінде аталмыш жүйе 40-қа жуық нысанға орнатылады. Ол 300-400 мыңдай адамның бет әлпетін сканерлейді деп күтілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу