2020 жылғы Олимпиада ойындарына Қазақстан 5 жолдама алды

1481

2020 жылғы Олимпиада ойындарына әлемнің барлық мемлекетінен 11 090 спортшы қатысады.

2020 жылғы Олимпиада ойындарына Қазақстан 5 жолдама алды

Тура бір жылдан соң, 24 шілде күні, Токиода төртжылдықтың ең маңызды спорттық оқиғасы – 2020 жылғы Олимпиада ойындары басталады. Қазақстан құрамасы аталған ойын қарсаңында Олимпиада жолдамасына таласуда, деп хабарлайды olympic.kz.

Олимпиада ойындарында 33 спорт түрінен 339 медальдар жиынтығы таратылады. Ал мультиспорттық доданы ұйымдастыруға 200 мыңнан аса еріктілер көмектеседі.

Жыл басынан бері әлем спортшыларының Олимпиада лицензиясына таласы басталды. Қазақстан командасы сапынан Токио ойындарының алғашқы жолдамасын жеңіл атлет Георгий Шейко иеленді. Ол наурыз айында өткен Азия чемпионатында спорттық жаяу жүрістен күміс жүлде жеңіп алды. Шейконың уақыт көрсеткіші – 1 сағат 20 минут 21 секунд. Бұл 1 сағат 21 минутқа сай келетін Олимпиада нормативі үшін жеткілікті көрсеткіш. 

Сәуір айында #TEAMKZ қоржыны тағы екі лицензиямен толықты. Ашық суда жүзуден Кувейтте өткен Азия чемпионатында Виталий Худяков алтын жүлдегер атанып қана қоймай, Олимпиада жолдамасына иелік етті. Ол 10 шақырымға жүзуден Токио ойындарының лицензиясына қол жеткізген. 

Бірнеше күннен соң жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинге жолдама бұйырды. Ол Гуанджоуда өткен Champions Swim Series турнирінің бірінші кезеңінде 200 метрге брасс әдісімен жүзуден лицензия ұтып алды. Ал шілде айында Дмитрий 100 метрге брасс әдісімен жүзуден тағы бір жолдаманы қоржынға салды. Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатының жартылай финалында Баландин Олимпиада нормативін орындаған болатын. 

30 маусым күні жеңіл атлетикадан ұлттық құрама үздігі Ольга Рыпакова Алматыда өткен лицензиялық Қазақстан кубогінде жолдамаға иелік етті. Рыпакова үш қарғып секіруден 14.37 нәтижесін көрсетіп, өзінің төртінші Олимпиадасына жолдама алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу