2020 жылы 13 миллионға жуық қазақстандық декларация тапсыруға тиіс

1107

2020 жылы 13 миллионға жуық қазақстандық декларация тапсыруға тиіс

2020 жылы 13 миллионға жуық қазақстандық декларация тапсыруға тиіс.
Бұл туралы бүгін мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, бұл азаматтардың 7,4 миллионы қалада тұрса, қалғаны ауыл тұрғындары. Құжатта әр адам өзінің жылжымалы мүлкі, табысы, банктегі шоттары туралы ақпаратты көрсетеді. Сондай-ақ қолда бар қаражатын да хабарлауы міндетті. Егер ол сома 12 миллионнан асып кетсе, бұл қаржыны банктегі шотқа салуға тура келеді.

Декларацияны тапсыратындардың қатарында кәмелет жастағы азаматтармен қатар 18-ге толмағандар, Қазақстанда мүлкі бар шетелдіктер және оралмандар да бар. Студенттер, зейнеткерлер мен мүлкі жоқ адамдар да жеңілдетілген нұсқадағы декларация тапсырады. Ал одан бас тартқандар 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

"eGov порталында салық төлеуші кабинеті ашылған. Әр адам соған тіркеліп, декларацияны толтыра алады. Біз құжатты толтыру процесін  барынша жеңілдеттік. Ол екі-ақ беттен тұрады. Жүргізген зерттеуге сәйкес, қазір халықтың 80 пайызы электронды түрде декларация толтыруға дайын", - дейді Тәкиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу