2020 жылы ақылы жол тарифі өспейді

1986

Жол ақысы көліктің шыққан жылына байланысты есептеледі.

2020 жылы ақылы жол тарифі өспейді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақыл жолдар тарифін көтеру жоспарда жоқ екенін мәлімдеді. Бірақ ақылы жолдардағы көлік ағыны өсіп, жолдың тозуы жылдамдаған жағдайда тариф өзгеруі мүмкін. 

"Бағаларды айқындау кезінде қозғалыс ағынының қарқындылығы, автомобиль жолының санаты, оның техникалық сипаттамалары мен жолды күтіп ұстаудың нормативті қажеттіліктері ескеріле отырып есептеулер жүргізіледі", – делінген министрліктің ресми сайтында.

Министрліктің мәліметіне сенсек, елдегі 4 ақылы жолдың жалпы ұзындығы 682 шақырымға созылып жатыр.  "Нұр-Сұлтан – Шучинск", "Нұр-Сұлтан – Теміртау, "Алматы – Қорғас" және "Алматы – Қапшағай" жолдарынан 5 млрд теңгеден астам қаражат түскен. 

"Алдағы екі жылдың ішінде Қазақстандағы автомобиль жолдарының 6 мың шақырымы ақылы болмақ. 2024 жылға қарай республикалық маңызы бар жолдар желісінің 11 мың шақырымы ақылы болады деп жоспарлануда. Жеңіл автомобильдер үшін І санаттағы жолдың 1 шақырымы үшін орташа есеппен 1 теңге ,  3 санатқа жататын көліктер үшін І санаттағы 1 шақырымы 5 теңге. Ал  жүк көліктері 1 шақырым үшін 10 теңге төлейді. 2013 жылдан бері ақылы жолдардан түскен қаражаттың мөлшері 5 млрд теңгеден асты", – делінген ресми ақпаратта.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу