2020 жылы әлемде шетелдік тікелей инвестиция көлемі 42%-ға азайды

1071

Ал Қытай мен Үндістанда басқа елдерге қарағанда өсті.

2020 жылы әлемде шетелдік тікелей инвестиция көлемі 42%-ға азайды

2020 жылы әлемде шетелдік тікелей инвестиция көлемі 42%-ға азайды. Биыл бұл көрсеткіш 5-10%-ға төмендеуі мүмкін. БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі органы осындай болжам жасады.

"Тікелей шетелдік инвестициялар 859 млрд долларға дейін қысқарды, 2019 жылы 1,5 трлн доллар болған еді",– деп жазылған ресми мәлімдемеде. 

Орган өкілі Джеймс Жанның айтуынша, көрсеткіш 2022 жылы қалпына келе бастайды. Ол мұндай инвестицияларға бірнеше фактор кері әсерін тигізіп отырғанын, әсіресе пандемияның теріс ықпалы зор екенін мәлім етті. 

ЕО-да шетелдік тікелей инвестициялар былтыр 373 млрд доллардан 110 млрд долларға дейін кеміген. АҚШ-та да көрсеткіш 49%-ға төмендеп,134 млрд доллар болды.

Ал Қытайда, керісінше,4%-ға,Үндістанда 13%-ға өскен. Жалпы, дамушы елдерде дамыған елдерге қарағанда құлдырау қарқыны баяу болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу