2020 жылы Алматы шетіндегі 120 шақырым жолдың құрылысы басталады

1290

Бүгінгі күні 231 көшедегі 54 шақырым жолдың құрылысы аяқталыпты.

2020 жылы Алматы шетіндегі 120 шақырым жолдың құрылысы басталады

 

ОКҚ-дегі баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 2020 жылы Алматының шетіндегі 120 шақырым жаңа жолдың құрылысы басталатынын айтты.

Алматы әкімдігінің алдында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 75%-ға дейін жеткізу тұр. Бүгінгі күні 231 көшедегі 54 шақырым жолдың құрылысы аяқталыпты.

"Ұзындығы 135 шақырым болатын 147 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы Алматының шетінде тағы 120 шақырым жолдың құрылысы басталады", – деп нақтылады Бақытжан Сағынтаев.

Алматылықтар үшін ең өзекті мәселенің бірі – қоғамдық көліктің жұмысы.

"Осыған орай біз қоғамдық көлік санын арттырамыз. Коммерциялық құрылымдар 172 автобус сатып алды. Қала бюджеті есебінен газбен жүретін тағы 260 автобус алынды", – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев. Ол сондай-ақ, жаңарған автобус парктерінің 90%-ға жеткенін айтты.

Қалада барлық троллейбус желісін модернизациялау басталған. Әкімдік қоғамдық көліктің экологиялық таза түріне көшуге жете назар аударатын болады. Мысалы, ұзақ бағыттарға 10 электробус шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу