2020 жылы аммоний паравольфраматын өндіретін зауыт құрылысы басталады

815

2020 жылы аммоний паравольфраматын өндіретін зауыт құрылысы басталады

Қарағанды облысындағы вольфрам кен орнында құны 700 млн АҚШ доллар тұратын мегажоба жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысына шетелдік инвестициялардың жұмылдырылуы туралы аймақ басшысы Ерлан Қошанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиыныны барысында айтып өтті.

"Бүгін облыста 1 трлн теңгеден астам сомаға 30 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр, олардың жартысы шет елдік инвесторлардың қатысуымен. Осы жобалардың жетеуі 2018 жылы іске қосылады. Егер өткен жылы инвестициялар 12% ұлғайған болса, осы жылы біз 21,2% өсіммен келе жатырмыз, - деді Ерлан Қошанов. – Жалпы біз алдымызға келесідей мақсат қойып отырмыз – жыл сайын облысқа 1 млрд доллардан кем болмайтын инвестицияларды жұмылдыру". 

Анағұрлым қызықты жобалар ретінде облыс әкімі көтерме-тарату логистикалық орталық пен 100 мегаваттқа шақталған күн электр станциясының құрылыстарын атап өтті. Екі жоба да жыл соңына дейін іске қосылады. 

Болашаққа жоспарлар туралы айта келе, облыс әкімі сирек кездесетін металл – вольфрам шығару және өңдеу бойынша мегажоба туралы тоқталды. Қытайға сапары барысында Ерлан Қошанов әлеуетті инвесторлармен өзі көзбе-көз жүздесіп, олардың ұсыныстарын зерттеп шыққан. 

"Қарағанды облысының аумағында әлем бойынша ең ірі "Солтүстік Қатпар" вольфрам кен орны орналасқан. Елбасы біздің облысқа жасаған сапары барысында оны іске асыру керектігіне ерекше назар аударды, - деп атап өтті облыс әкімі – және де осыдан бірер күндер бұрын Қытайдан оралдық. Онда "Самрұқ Қазынамен" бірлесіп 700 млн АҚШ доллары тұратын мегажобаның бастапқы шарттарына қол қойдық. Бұл жобада тек шикізат өндіру ғана емес, сонымен қатар өңдеу және дайын өнімді шығару да қарастырылған. 

Аммоний паравольфраматын өндіретін зауыттың құрылысы 2020 жылы басталып, 2022 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр". 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу