2020 жылы азық-түлік бағасы 11,3%-ға өскен

935

Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

2020 жылы азық-түлік бағасы 11,3%-ға өскен

2020 жылдың желтоқсан айымен 2019 жылдың сәйкес кезеңін салыстырғанда азық-түлік бағасы 11,3%, азық-түліктік емес тауарлар бағасы 5,5%, ақылы қызметтер құны 4,2% жоғарылаған. 

Осылайша өткен жылы құмшекер – 33,9%, күнбағыс майы– 33,7%, жармалар – 28,7%, жұмыртқа – 20%, картоп – 16,8%, ұн – 16,3%, жаңа жиналған көкөністер, қой еті – 15,4%-дан, жаңа жиналған жемістер – 14,9%, макарон өнімдері – 14,7%, сары май – 13,6%, жылқы еті – 11,9%, мәйекті ірімшік – 11,4%, шай – 11,2%, мұздатылған балық – 10,1%, сиыр еті – 10%, сүт – 9,7%,шошқа еті – 8%, нан бағасы – 5,9%-ға өскен. 

Бұған қоса темекі өнімдері де – 14,9%, минералды және ас суы – 10,4%, алкогольді сусындар – 7,8%-ға қымбаттады. 

Ал тауық сирағы – 5,7%, сөк – 2,6%, күріш бағасы керісінше 1,7%-ға арзандаған. 
Сонымен қатар өткен жылы алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың да құны – 13%, жуғыш және тазалағыш құралдар – 10,2%, дәрі-дәрмек – 9,9%, жеке қолданылатын тауарлар – 9,4%, тұрмыстық заттар – 8%, автомобильдер – 7,3%, ноутбуктер – 6,7%, жиһаз және үйге қажетті заттар – 6,6%, ыдыс-аяқ 6,1%, киім және аяқ киім 4,8%-ға қымбаттады. 

Еске сала кетсек, инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Оған тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. 
2020 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағасының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 39,0%, азық–түлік емес тауарлар – 28,9%, ақылы қызметтер 32,1%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу