2020 жылы ел аумағындағы 5 мың шақырым жол ақылы болады

1185

 Ал 2021 жылы еліміздегі ақылы жолдардың ұзындығы 6,5 мың шақырымға жетеді.

2020 жылы ел аумағындағы 5 мың шақырым жол ақылы болады

2019 жылы республикалық маңызы бар республикалық маңызы бар 1,7 мың км автожолды жөндеу жоспарланып отыр. Бұл туралы 2019 жылдың жоспарларын айқындауға арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде ИИДМ бірінші вице-министрі Роман Скляр айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

"Жыл соңында 654 км жолда қозғалысты ашу жоспарлануда. Республикалық маңызы бар 1,7 мың км автожолды жөндеу жоспарланып отыр. Оның ішінде 518 км жолға – күрделі жөндеу, 1 190 км автожолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті желідегі 4 мың км жол жөнделеді. Өткен жылдың тенденциясы сақталған жағдайда, 2025 жылға қарай жергілікті жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 85%-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ол шамамен 60 мың км жол", –  деді бірінші вице-министр Роман Скляр.

Роман Склярдың сөзінше, 2020 жылы тағы 13 автотрасса ақылы болады.

"Биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы ұзындығы 5 мыңнан астам шақырымды құрайтын 13 учаскеде ақы алу жүйесін орнатуға  байқау жарияланады. Жеңімпазды желтоқсан айында анықталуға тиіс. Нәтижесінде 2020 жылы ел аумағындағы 5 мың шақырым жол ақылы болады. Ал 2021 жылы еліміздегі ақылы жолдардың ұзындығы 6,5 мың шақырымға жетеді", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу