2020 жылы газ өндіру көлемі артады

1471

Алдын ала жасалған болжам бойынша 2019 жылы газ өндірісі 56,3 млрд текше метрді құрайды. 

2020 жылы газ өндіру көлемі артады

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов 2020 жылы газ өндіру көлемі 1,2%-ға, яғни, 57 млрд текше метрге артатынын айтты, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан.

"Алдын ала жасалған қорытынды бойынша 2019 жылы газ өндірісі 56,3 млрд текше метрді құрайды",– деді Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында вице-министр. 

Әсет Мағауовтың сөзінше, 56,3 млрд текше метрдің 32,8 млрд текше метрі тауарлық газ. Ал 2020 жылы республика бойынша көгілдір отын өндірісі 57 млрд текше метрге жетеді. Оның 34 млрд текше метрі тауарлық отын болмақ. Осылайша 2020 жылы газ өндіру көлемі 1,2%-ға артпақ. 

"Елімізде жылдан жылға газ тұтыну көлемі 4-5%-ға артып келеді. Биылғы жылы көгілдір отынды ішкі тұтыну көлемі 15,8 млрд текше метрге жетеді",– деді Әсет Мағауов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу