2020 жылы І-тоқсанында тауарлар экспорты 4,4%-ға өсті

807

Тікелей шетелдік инвестиция көлемі 16,6%-ға төмендеді.  

2020 жылы І-тоқсанында тауарлар экспорты 4,4%-ға өсті

Ұлттық банктің баспасөз қызметі 2020 жылдың І-тоқсандағы төлем балансының алдын ала нәтижелерін жариялады.

Реттеушінің есебінен 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында тауарлар экспорты 13,9 млрд долларға, яғни, 4,4%-ға өскенін байқауға болады. Ал тауарлар импорты 7,0 млрд долларға, 2,1%-ға төмендеген.

"Импорттың төмендеуі жеке тұлғалардың шекарадан өтуіне тыйым салуды енгізу нәтижесінде шекара маңындағы сауданың қысқаруына негізделді", – деп жазылған хабарамада.

Сонымен қатар 2020 жылы шетелдік тікелей инвесторлардың кірісі 4,7 млрд долларға, яғни, 7,6%-ға төмендеген. 2019 жылғы І-тоқсанында 3,0 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылса, 2020 жылғы І-тоқсандағы 2,5 млрд доллар тартылған. Яғни, биылғы нәтиже 16,6%-ға төмен.

"Банктер бойынша 0,4 млрд доллар мөлшерінде таза капитал тартылған. Ол шетелдік құнды қағаздар портфелінің қысқаруымен және еурооблигациялар шығарылымы есебінен портфельдік инвестициялардағы міндеттемелерінің өсуімен байланысты", – деп хабарлады Ұлттық банк.

Ал басқа секторлар бойынша активтер 2,7 млрд долларға өскен. Алайда олардың міндеттемелері 2,6 млрд долларға артқан. Осылайша бұл сектордағы таза капитал көлемі 47,1 млн долларды құрады.

Резервтік активтерге келер болсақ, (ҚР Ұлттық қорының активтерін есептемегенде) 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша оның көлемі 29,8 млрд доллар болып бағаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу