2020 жылы инфляция деңгейі 5,0-5,5%-ға дейін төмендейді – Ұлттық банк

2804

Ерболат Досаев инфляция деңгейіне байланысты болжамдармен бөлісті. 

2020 жылы инфляция деңгейі 5,0-5,5%-ға дейін төмендейді –  Ұлттық банк

Ерболат Досаевтың сөзінше, 2019 жылдың соңында инфляция деңгейі 5,5-5,7% болса, 2020 жылы 5,0-5,5%-ға дейін төмендейді. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

"Биылғы жылдың соңында жылдық инфляция 5,5-5,7%-ды құрайды деген болжам бар. Ал 2020 жылдың соңында оның деңгейі 5,0-5,5%-ға төмендейді деп күтілуде. Жалпы инфляция деңгейі 2019-2020 жылы бекітілген 4-6% мақсатты дәліздің ішінде сақталады",– деді Ерболат Досаев. 

Бұл ретте ол соңғы үш айда халық арасында инфляция деңгейі жоғарылайды деген болжамдар жиілеп кеткенін айтты.  

"Биылғы жылдың қараша айында инфляция 5,8% (тамызда – 5,3%) болады деп күтілді. Біз бұл көрсеткіштің жоғарылауын азық-түлік бағасының қымбаттауымен байланыстырамыз. Себебі сауалнама барысында жауап бергендердің басым бөлігі осы санаттағы тауарлар бағасының көтерілгенін атап өткен. Соған қарамастан сұралғандардың арасында инфляция деңгейі бір қалыпта қалады немесе аздап жоғарылайды деп болжаған респонденттер 54,7%-ды құрады",– деді Ұлттық банк басшысы. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда инфляция деңгейі қараша айында 0,7%, жыл басынан бері 4,7%, ал 2018 жылы 5,3%-ды құраған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу