2020 жылы "Қайсар" футбол клубына 4 млрд теңге бөлінеді

3323

Қызылорда қоғамында бірқатар наразылыққа арқау болған "Қайсар" футбол клубына ақыры көзделген қаржы түсетін болды. 

2020 жылы "Қайсар" футбол клубына 4 млрд теңге бөлінеді

Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәлімдемесінен белгілі болды.

Футболдан Қазақстан Премьер Лигасында Қызылорда облысының намысын қорғайтын "Қайсар" футбол клубының шығындарына 2019 жылдың 1 қазанында өткен облыс мәслихатында 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында 1000 млн теңге қаралған болатын.

2020-2022 жылдың бюджетін бекіту барысында аталмыш клубқа қосымша 3000 млн теңге бөлініп,  барлығы 4000 млн теңгені құрады.

Бөлінген қаржы "Қайсар" футбол клубының Премьер Лига ойындарына қатысуға, Бірінші лигаға қатысатын "Байқоңыр" командасы мен Екінші лига командасына, жасөспірімдер арасынан іріктелген үздік футболшылардың тәжірибесін арттыратын футбол орталығының шығындарына кетеді.

Атап айтсақ, Премьер Лига мен Екінші лига командасына – 3615,5 млн теңге, Бірінші лигаға қатысатын "Байқоңыр" командасына – 270,4 млн теңге және 400-ге жуық жасөспірімдер жаттығатын футбол орталығына - 114,1 млн теңге көзделген.

Сонымен қатар, Премьер Лиганың қаржысы есебінен "Қайсар" футбол клубы ҚР Кубогының жеңімпазы болуына байланысты Европа Лигасына қатысады.

Премьер Лигаға қатысатын клубтарға биыл жалпы мемлекет қазанынан 29 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Келер жылы бюджеті толық клубтардың алдыңғы шебінде "Ордабасы" ФК тұр. Оның қоржыны 5 млрд-қа көбейеді. Тізімнің соңын 892 млн теңгемен "Қайрат" футбол клубы аяқтайды.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу