2020 жылы Қазақстанда бензин қымбаттауы мүмкін

1474

Ұлттық экономика министрі Үкіметтің бензин акцизінің құнын көтеру туралы қаулы дайындап жатқанын айтты.

2020 жылы Қазақстанда бензин қымбаттауы мүмкін

Жанар-жағармай бағасы 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Пленарлық отырыс кезінде сенат депутаттары бензин бағасы туралы мәселе көтерді.

"Сіз бензин акцизі бағасының өсетіні туралы айттыңыз. Қазір 10 теңгеге өседі деп тиісті құжаттар дайындалуда. Бұл бағаның өсуіне алып келмей ме? Шағын және орта бизнеске қалай әсер етеді?" – деп сұрады  сенатор Сәрсенбай Еңсегенов. 

Ұлттық экономика министрі бұл сұраққа Үкіметтің бензин акцизінің құнын көтеру туралы қаулы дайындап жатқанын айтты.

"Акциз бойынша бір литр бензин бағасына 10 теңге қосылады. Бұл бағаны айтарлықтай өсірмейді, біздің есеп бойынша бұл өнімнің өзіндік құнына және инфляцияға әсер етпейді", – деді Дәленов.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, акциз бағасын 2020 жылдың 1 қаңтарынан өсіру жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу