2020 жылы Қазақстанда ДЭФ үлестес орталығы құрылады

776

Үкімет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) "Төртінші өнеркәсіптік революция орталығының" басшылығымен кездесті.

2020 жылы Қазақстанда ДЭФ үлестес орталығы құрылады

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Сан-Франциско қаласына барып, онда цифрлық даму, венчурлық қаржыландыру және энергетика саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың басшылығымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Үкімет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) "Төртінші өнеркәсіптік революция орталығының" басшылығымен кездесіп, ДЭФ басқарушы директоры Р. Саманспен инновациялық технологияларды реттеу саласындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. 

Кездесу қорытындысы бойынша "Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы" мен  "Астана" Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) арасында Заттар интернетін (IoT) дамытуда стратегиялық әріптестік туралы құжатқа қол қойылды, бұл 2020 жылы Қазақстанда төртінші өнеркәсіптік революция бойынша ДЭФ Үлестес орталығын құруға жасалған алғашқы қадам болды. Мұндай мекемелер жаңа технологиялар мен инновациялық жобалардың дамуын жүйелі мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге ықпалын тигізе отырып, Израиль, Үндістан, Қытай, БАӘ, Колумбия, ОАР, АҚШ пен Жапонияда жұмыс істейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу