2020 жылы Қазақстанда онлайн-кредит алушылардың саны 2,5 млн-ға жетеді

1738

2020 жылы Қазақстанда онлайн-кредит алушылардың саны 2,5 млн-ға жетеді

Қазақстанда банктердің кредит беру үрдісі соңғы жылдары баяулады. Бірақ бұған қарамастан онлайн-қарыз нарығы біршама өскен. Мамандар алдағы жылдары кредиттеудің бұл түрінен түсетін табыс көлемі 170 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлап отыр, деп хабарлады Smartzaim.kz.

Бүгінгі таңда еліміздегі онлайн-қарыз алушылардың саны 350 мыңға жеткен. Жоғарыдағы мәліметтер осы көрсеткіштің аясында түзілген. Бұл статистика 2020 жылы онлайн-кредиттің пайдаланушылары Қазақстанда 2,5 млн-ға  жететінін айқындайды. Мұндай жағдай Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемде байқалып отыр. Осы саланы дамытуға үкімет тарапынан да қызығушылық байқалады. Қарапайым халық үшін онлайн-қарыздардың қолжетімді болуы салық түсімі арқылы мемлекет бюджетін толтырады.

Онлайн-кредит нарығының дамып келе жатқанына қарамастан, жалпы тұтынушылық кредиттегі онлайн-карыз поортфелінің үлесі әлі де 0,3%-дан аспады. Осының әсерінен бұл нарық әзірге сырттай бақылауды қажет етпейді. Бүгінде өзін-өзі басқаратын қауымдастық тұтынушылардың құқығын өз мойнына алып отыр. Алдағы уақыттарда реттеудің жаңа моделі ойластырылып, онлайн-кредит сервисінің қызметі заңдастырылады.

Қазіргі таңда онлайн-қарыздарды Қазақстанның Ұлттық банкі бақыламайды. Бұл қызметті ұсынатын компаниялар ҚР Азаматтық кодексіне сүйене отырып қызмет етеді. Бірақ онлайн-кредит нарығының өкілдері жақын арада қаржы реттеушінің назарына ілігеміз деген ойда. Бұл осы қызметпен айналысатын компаниялардың барлығы лицензия алуы қажет болады деген сөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу