2020 жылы "ҚазМұнайГаз" АҚ қанша пайда тапты?

928

Мұнай бағасының төмен болуы, ОРЕС+ келісімі ұлттық компанияны қомақты кірістен айырған. 

2020 жылы "ҚазМұнайГаз" АҚ қанша пайда тапты? Фото: Серікжан Қобыланбаев

2020 жылы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы 4,6 трлн теңге пайда тапқан. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өткен жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы бір барралі үшін 41,8 доллар болған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 34,8%-ға төмен. 

"ҚазМұнайГаз" АҚ 2020 жылдың қаржы нәтижесінің қорытындысы тақырыбында өткен брифингте: "Алайда мұнай бағасының төмен болуы, оны өндіру көлемінің азаюына қарамастан, өткен жылды жақсы аяқтадық. 2020 жылы компанияның кірісі 4,6 трлн теңге болды. 2019 жылғы кіріс 9,6 трлн теңге болған еді", – деді төрағаның орынбасары.

Дәурен Қарабаев мұнайдың арзан болуы, ОРЕС+ келісіміне сәйкес кен орындарда мұнай өндірудің шектелуіне байланысты компанияның кірісі азайғанын атап өтті.

"Бұл "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның құрамына кіретін кәсіпорындардың да кірісінің төмендеуіне ықпал етті. Бірлескен кәсіпорындардағы кіріс  828 млрд теңгеден (2020 жылы) 511 млрд теңгеге азайды",  деп түйіндеді сөзін төрағаның орынбасары.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу