2020 жылы МӘМС негізінде жан басына 83,1 мың теңге бөлінеді

2269

Қазіргі кезде медициналық сақтандыру жүйесі халықтың 93%-ын қамтыды.  

2020 жылы МӘМС негізінде жан басына 83,1 мың теңге бөлінеді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ерік Байжүнісов, 2020 жылы МӘМС енгізілгеннен кейін жан басына 83,1 мың теңге бөлінетінін айтты.

Оның сөзінше, кепілді тегін медициналық көмек бойынша бір қазақстандықтың еміне 52,6 мың теңге, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша  30,5 мың теңге жұмсалады.

"2019 жылы бір қазақстандыққа тиісті тегін медициналық көмектің кепілді көлемі 55, 4 мың теңгені құрады. Келесі жылы сақтандырылған бір адамға медициналық көмек көрсету үшін 83,1 мың теңге бөлінеді", – деді Ерік Байжүнісов.

Ерік Байжүнісов сол арқылы отандастарымыздың медициналық қызметке жеке қаражаттарын аз жұмсайтынын атап өтті.

"Жыл сайын бюджеттен тегін медициналық көмектікке бөлінетін қаржы көлемі артып келеді. Ал халықтың жеке шығынының көлемі 41%-ға жетті. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған қаржы көлемінен екі есе жоғары көрсеткіш",  деді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, ол қазіргі кезде медициналық сақтандыру қорының есепшотында 209 млрд тенге жиналғанын айтты.

Жалпы ӘМСҚ мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде сақтандыру жүйесі халықтың 93%-ын қамтыған. Оның 58%-ы жеңілдік тобындағы азаматтар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу